Павлодарлық полицейлер пәтерде күштеп ұсталған бойжеткендерді босатты

ПАВЛОДАР. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер ер адамдармен пәтерде күштеп ұсталып келген екі бойжеткенді босатты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Лебяжі ауданында тұратын қыздар Павлодарға бағдарлық автобуспен құрбыларына қонаққа келген. Вокзалда жандарына танысу ниеттерімен екі азамат таянды. Ұсыныстан бас тартқан қыздарды жігіттердің біреуі пышақпен қорқытып, көліктің ішіне отырғызды. Оларды болашақ клиенттерге сексуалдық қызметтерді көрсетуге мәжбүр ету мақсатында пәтерге алып келіп, төрт күн бойы ұстаған.

Бойжеткендердің бірі жігіттің қалтасынан ұялы телефонды алып шығып, ол шығып кеткен соң полицияға хабарласа алды.

Қылмысты жасау күдігімен ұйымдасқан қылмыспен қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Ертіс ауылының 34 жастағы және Ақсу қаласының 26 жастағы бұрын сотталған, ешқайда жұмыс істемейтін тұрғындарын ұстады.

«Бостандығынан заңсыз айыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің біреуі қамауға алынып, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхат толтырды.

Соңғы жаңалықтар