Павлодарлық полицейлер сауда үйін тонаған ұрылардың бірін ұстады

ПАВЛОДАР. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 12 қаңтар күні Павлодардың сауда үйлерінің бірінен 16 қымбат ішік пен 4 тон ұрланған болатын.
None
None

Есіктің шынысын сындырған ұрылар екі минуттың ішінде «тауарларды» қымқырып кеткен еді.

«Ұрылар жедел әрекет етіп, күзетшілер келгенше іздерін жасырып үлгерген», - дейді Ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасының бөлім басшысы Бекзада Бөлежанов.

Полицейлер тексеру кезінде, бірнеше ай бұрын осындай сценариймен электроника дүкені тоналғанына назар аударады. Жедел шаралар өткізген олар, оқиғаның екінші күні-ақ ұрылардың ізіне түседі және күдіктілердің бірін ұстайды. Әлгінің үйінен ұрланған заттар да табылады, бірақ барлығы емес - ұрылар жеті ішік пен екі тонды сатып та үлгерген.

Соңғы жаңалықтар