Павлодарлық полицейлер такси жүргізушісін өлтіргендерді іздестіруде

ПАВЛОДАР. 19 ақпан. ҚазАқпарат - «Курчатов-Ленинск» тас жолының 203-ші шақырымында 42 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері, «мойнына, кеуде және құрсақ қуыстарына, аяқтарына түйрелген жарақаттары» бар мүрдесі табылды,
None
None

деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан азаматтың тұлғасын анықтады - ер адам Павлодардың такси паркінде өзінің БМВ көлігімен жекеменшік тасымалдаумен айналысқан.

Таксист облыстық аурухананың маңайына әкеліп тастаған соңғы клиенттер де анықталды. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген, диспетчермен де байланысқа шықпаған.

Қылмыстық іс қозғалды. Арнайы тергеу-жедел тобы қылмысты жасауға қатысы бар тұлғаларды іздестірумен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар