09:13, 28 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарлық прокуратура жетім балалардың құқығын қорғады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шарбақты ауылының атқарушы органдары Қазақстан Ресупбликасының «Балалар құқығы туралы» заңын бұзып,

жетім балаға үйді жекешелендіріп бермеген, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Жүргізілген тексеріс арыз беруші шынымен жетім екендігін және де оған үйдің мемлекеттік тұрғын үй қорынан ҚР заңына сәйкес берілгендігін анықтаған.
Шарбақты ауданы прокуроры берген түсініктеменің қорытындысы бойынша, жетімнің үйді жекешелендіру бойынша берген өтініші тұрғын үй комиссиясына жіберілді. Арыз берушіге заңсыз жауап қайтарған Шарбақты әкімі аппартының бас маманы қызметтік жауапкершілікке тартылды.