Павлодарлық шаруалар картоп өсіру алқабын ұлғайтып келеді

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарлық көкөнісшілер биыл қыста картоп аста-төк болады деп отыр. Жыл сайын жергілікті шаруалар картоп өсіру алқабын ұлғайтып келеді. Биыл былтырғыдан үш есе артық өнім алу жоспарланып отыр. Тек өзімізге ғана емес, көрші Ресейге де картоп жөнелтіліп жатыр. Бүгін картоптың бірінші партиясы судан зардап шеккен Қиыр Шығысқа жіберілді, деп хабарлады "24 KZ".
None
None

2 мың шақырымды артқа тастайтын ауыр жүк көліктері арқылы Қазақстан өнімі Қиыр Шығысқа жеткізілмек. Айта кетейік, тасқын салдарынан Қиыр Шығыс тұрғындарының ауыл шаруашылық өнімдері су астында қалған болатын. Жоспар бойынша, Ресейге 3 мың тонна картоп жіберілмек.

«Ресейден, оның ішінде Мәскеу облысынан және Қиыр Шығыстан сұраныс көп. Содан басқа картоп Бурятияға да артылуда», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Темірбай Қуанов.

Облыстың картопты алқабы 15 мың гектарды алып жатыр. Өнім жинау жалғасуда. Картоптың орташа көрсеткіші әр гектардан - 234 центнерді құрауда. Көрсеткіш бойынша бүгінгі күні алқаптағы картоптың 90%-ы жиналып алынды.

Соңғы жаңалықтар