07:39, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодарлық студент қыз ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ие болды
ПАВЛОДАР. 3 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Ризагүл Мұстафа ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ізденуде республикалық байқаудың жеңімпазы болды, деп хабарланды жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.

Қор жоғары оқу орындарының қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді араласатын студенттер үшін 30 стипендия тағайындады.
Қордың стипендиясы 1 оқу жылына тағайындалады. Жеңімпаздарға куәліктер мен төс белгілер берілді.