Павлодарлық студент мүгедектерге еден жуатын құрылғы жасап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өнертапқыштар марафонына қатысып жатқан жергілікті студенттер мүгедек жандар үшін еден жуатын құрылғысын көрсетпек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
None
None

Студент Әсет Айтбаев технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша білім алады. ПМУ-де өтіп жатқан өнертапқыштар марафонында ол достарымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еден жуғыш жасауды ұйғарыпты. «Біздің құрылғыны жасау тәсілі өте қарапайым және қолдануға қолайлы. Бар болғаны бірнеше құбырларды шарнирмен біріктіреміз де, оның табандарына еденде таймас үшін резина кигіземіз. Содан кейін оған еден жуатын губкалы қосымшасын орнатамыз. Өзіндігімен жүріп-тұра алмайтын адамдар соған сүйеніп тұрып-ақ, үйінің кез-келген жерін жуып, тазалай алады. Құрылғының салмағы 3-4 келіден аспайды. 18 маусымда осы марафонның қорытындысы кезінде өз жобамызды қорғап, одан ары іс жүзінде пайдаға асыруда жоспарлап отырмыз», - дейді Әсет Айтбаев.

Айта кетейік Әсет бұған дейін Павлодар қаласындағы «Трубопрокат» зауытында өндірістен қалған труба қалдықтары арқылы жиһаз фурнитураларын және вагон құрылысына арналған қосымша құрылғыларды жасап, әртүрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.

Соңғы жаңалықтар