Павлодарлық студенттер халықаралық жарыста топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің студенттері Ташкентте өткен классикалық пауэрлифтинг және зілтемірді көтеруден жарыста чемпион атанды, деп хабарлайды egemen.kz.
None
None

Бұл сайыста Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Сингапур, Қырғызстан, Индонезия, Араб әмірлігі, Түркіменстан, Ауғанстан сынды Азия құрлығы мемлекеттерінен 500 спортшы баптары мен бақтарын сынады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенті, пауэрлифтинг бойынша спорт шебері Ернұр Хайлямов 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 497,5 келіні көтеріп, бірінші орынды еншіледі. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағын алды. Ал химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің бірінші курс студенті Әлия Төлегенова зілтемірді көтеруден еліміз құрамасының қоржынын күміс медальмен толықтырды.

Соңғы жаңалықтар