15:54, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Павлодарлық студенттердің үгіт-насихат бригадасының алғашқы сапары шалғайдағы ауылдардан басталды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Жасыл ел» студенттік құрылыс отрядтарының «Ертіс жұлдыздары» облыстық штабы үгіт-насихат бригадасының алғашқы бағыттарының бірі Успен ауданындағы аудандық сауықтыру лагері болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көркемөнерпаз әртістердің бағдарламасы аймақта тұратын халық тілдеріндегі әндер мен әзіл-сықақты, қазіргі заманғы эстрадалық билерді қамтып отыр.
Студенттер мектеп оқушыларына қалалар мен ауылдарды абаттандыру, туған өлкені жасыл желекке бөлеу, мектептер мен ауруханаларды жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан әріптес-достары туралы айтып берді.
Үгіт-насихат бригадасы өткен төрт еңбек семестрінде 200-ге тарта концерт қойды. Міне енді биылғы жазда «Ертіс жұлдыздары» тағы да жолға шықты.