Павлодарлық судан құтқару қызметі 15 жыл ішінде 12 мың жазатайым оқиғаның алдын алды

ПАВЛОДАР. 26 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облсының ТЖД судан құтқару қызметі 15 жыл ішінде 5600 адамының өмірін құтқарып, 12 мың жазатайым оқиғаның алдын алды. Бұл мәлімет 25 қарашада осы қызметтің құрылғанына арналған салтанатты кеште айтылды.
None
None

Павлодарлық судан құтқару қызметінің мамандары елдегі ең таңдаулы деген атаққа ие болған, бұл жерде үздік сүңгуірлер жұмыс істейді, деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД-нің басшысы Дәулет Айтжанов.

Он бес жылда кішкентай ғана судан құтқару қызметі ең қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсете білетін, жақсы жабдықталған апаттық-құтқару мамандары қалыптасқан кәсіби құрылымға айналды.

Соңғы жаңалықтар