10:24, 17 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодарлық «Төрт құдық» кен-байыту комбинатында «алтын» инвестициялық жобасын жүзеге асыру аяқталуға жақын
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Метталлургтер күнінің алдында «Төрт құдық КБК» АҚ-ның флотация цехындағы жаңа құрылғының іске қосылуына қатысты,

деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Кен-байыту комбинаты Төрт құдық кен ошағынан кен шығарумен айналысады. Алтын мен күмістің алынуы, тау-кен жұмыстары ашық жолмен іске асады.
Бұл жерде кәсіпорынды қайта құру бойынша 1029 млн. теңге тұратын инвестициялық жоба аяқталуға жақын.
«1940 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан комбинат бүгінде замануи құрылғылармен жабдықталған», - деді Бақытжан Сағынтаев. Ол алтын қазушыларды кәсіби мерекесімен құтықтап, ең үздік жұмысшыларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын тапсырды.