Павлодарлық төрт ұстаз жаңа автокөлік кілттеріне ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Естай атындағы Мәдениет сарайында өткен Павлодар облысы білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында өңір басшысы Қанат Бозымбаев облыстың білім беру саласына сүбелі үлес қосқан бір топ ұстаздарға сыйлықтар табыс етті.
None
None

«Облыстың білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді, жақсы көрсеткіштерімен қатар болашақта жұмыс істеуді қажет ететін мәселелер де жоқ емес», - деді облыс әкімі.

Аймақ жетекшісі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы З.Қ. Мұқашеваны, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Ю.С.Якутовичті, «Өрлеу» ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы» АҚ ПФ-ның баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Н.С. Силкинаны «Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Сондай-ақ жиын барысында өңірде өткен «Үздік білім беру мекемесі» байқауының қорытындылары жария етілді. Сайыстың бас жүлдесіне Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Жас дарын» мектебі ие болып оның басшысына 15 миллион 973 теңгенің сертификаты табысталды. Ал демеуші кәсіпкерлер ұсынған жаңа автокөліктердің кілттеріне педагог ардагері Мақажан Жылқыбаев, «Қайнар» білім беру орталығының директоры Фарзия Клепица, «Музыкалық колледж-музыкалық мектеп-интернаты» кешені вокалдық хор пәндерінің оқытушысы Яна Касьян мен ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі химия пәнінің мұғалімі Алмас Ордабаев ие болды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар