08:57, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодарлық тұрғын учаскелік инспекторға жұдырық ала жүгіргені үшін 40 тәулікке қамауға алынды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтоғай аудандық соты учаскелік инспекторды ұрғаны үшін ауыл тұрғынын кінәлі деп тауып, 40 тәулікке қамауға үкім шығарды, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Сот отырысында жергілікті тұрғын өзінің кінәсін мойындады. Араққа сылқия тойған ер адам учаскелік инспектормен сөйлесу үшін, оның үйіне барған. Полиция қызметкері үйінен шыға берісімен, аулада оның балағат сөздеріне, әрекеттеріне тап болған. Ер адам инспекторға қол көтеріп, соққыға жыққан, резинке шоқпарын тартып алған.