Павлодарлық ТЖ қызметі тасқынға дайындалуда

ПАВЛОДАР. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов өткізген мәжіліс барысында Павлодар бойынша ТЖД басқармасының басшысы Ақан Садықов төтенше жағдайлар қызметі алдағы уақытта орын алуы мүмкін тасқынға дайын екендіктерін
None
None

жеткізді, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Көктемгі тасқын кезеңінде ТЖД-нің мамандары Ертіс өзенінің су деңгейін бақылап отырған табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдану басқармасымен бірлесе қызмет атқарады.

«Қазіргі уақытта біздің ең басты міндетіміз қала мен ауыл аймақтарында төтенше жағдайдың орын алмауын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты қаланың құрылысы мен халықтың тұрмысына кедергі келтіретін тасқынның алдын алу үшін барлық шараны қолға алған жөн», - деді қала басшысы.

ТКШ бөлімінің берген мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері қаланың көшелерінен 166 мың тонна қар жиналып, сыртқа шығарылды. Сондай-ақ, 135 құдық пен 407 метрлік кәріз құбыры тұнбалы шөгінді мен лайдан тазартылды.

Соңғы жаңалықтар