Павлодарлық үздік студенттер қосымша гранттарға ие болады

ПАВЛОДАР. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алып жатқан 3-5 курстардың үздік студенттері қосымша мемлекеттік білім гранттарын алады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оқу орындарының техникалық хатшылықтары Білім және ғылым министрлігіне гранттарға ұсынылған үміткерлердің құжаттарын әзірлеп отыр. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры Мейрам Бегентаев оқу орнында грантқа ұсынылғандардың тізімінде 60-тан астам студент бар екенін хабарлады. Инновациялық Еуразиялық университет 100 адамның құжаттарын әзірлеп отыр. 10-15 жылға берілетін жеңілдікті білім несиелері орта жағдайлы отбасынан шыққан студенттерге жақсы қолдау болғалы отыр. Бұл гранттар ғылымды жақсы меңгеріп жатқан және оқу барысында емтихандарда бірде-бір «үш» деген баға алмаған студенттерге беріледі.
Соңғы жаңалықтар