08:10, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарлық жас музыканттар ? Сібір фестивалінің жеңімпаздары
ПАВЛОДАР. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жас музыканттар Новосібірде өткен Үрмелі және дауылпаз аспаптардың V Сібір фестивалінде табысты өнер көрсетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол фестивальге 70-тен астам жас орындаушылар қатысқан. Ксилофонда А.Жұбановтың туындысын орындаған Павлодардағы Чайковский атындағы музыкалық колледж жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Әжібек Айбек бірінші орынды иеленді. Жас дарынның ұстазы Геннадий Анискевичтің айтуынша, 12 жасар музыкант аспапта студенттермен деңгейлес ойнайды, оның бағдарламасында қазылар алқасының жоғары бағасын алған күрделі композициялар бар. Фестивальдің күміс жүлдесін осы мектеп-интернаттың 9 жасар тәрбиеленушісі Давид Владовский олжалады, Давид дауылпазда ойнайды.