Павлодарлық жас орындаушы «Балтийская феерия» фестивалінен бас жүлдемен оралды
Санкт-Петерборда өткен бұл фестивальге Ресей, Грузия, Қазақстан, Армения, Беларус, Украина, Молдова, Германия және Австрия елдерінен 500-ден астам жас дарын қатысты.
«Павлодардық жас орындаушылар - 12 жасар Нұрлан Мұқаш пен 14 жасар Мәлика Қазмағамбетованың кәсіби шеберліктері қазылар алқасының ерекше ықыласын аударды. Біздің жас орындаушымыз «Толғанай» әнін ерекше эмоциямен орындады. Жеңіп алынған награда Қырымда өтетін «Звездная гавань» телефестиваліне жолдама болып отыр», дейді жас дарындардың педагогы Вера Бородихина.
Малика да фестивальден құр қол қайтқан жоқ, ол үшінші дәрежелі дипломға ие болды.
Павлодарлық жас орындаушылар қазан айында Петерборда өтетін «Ангел надежды» конкурсына шақыру алды.