13:08, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодарлық жас суретші «Туған жерім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жас суретші Жанел Құсайынова Тәуелсіздік күніне арналған балалар шығармашылығының «Туған жерім» VI республикалық конкурсында бас жүлдені иеленді,

деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
Өнер жарысына республика аймақтарындағы көркемсурет мектептерінің 450 оқушысы қатысты. Үздік 70 жұмыс Тұңғыш Президент мұражайында ұйымдастырылған көрмеге қойылды.
Жанел Павлодардағы №2 көркемсурет мектебінің 3-ші сыныбында оқиды, өз ойы мен сезімін бояумен және сюжетпен бейнелегенді жақсы көреді. Жақында аяқталған «Менің Қазақстаным» облыстық конкурсында Жанелдің жұмыстары үздіктер қатарына кіріп, үшінші орынды иеленді.