Павлодарлық жасотандықтар әскери ант қабылдаған 5512 әскери бөлімінің сарбаздарын құттықтады

ПАВЛОДАР. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодарлық жасотандықтар Отанға адал қызмет атқару антын қабылдаған 5512 әскери бөлімінің жас сарбаздарын құттықтады.
None
None

Бүгін жас жауынгер курсынан өткен бұған дейін әскерге шақырылған екі жүз сарбаз әскери бөлімнің алаңымен алғаш рет мерекелік киім киіп сап түзеп өтті.

«Ант қабылдаған жас әскери қызметкерлер әскери өмірдің барлық қиындықтарын қасарып өткізуді, Отанымызды адалдықпен қорғауды уәде етті. Жастар қанаты белсенділері үшін салтанатты мерекеге қатысу - жарқын оқиға. Біз әрбір әскери қызметкер үшін шағын сыйлық - маркалары бар конверттерді, дәптерлер мен қаламсаптарды дайындадық. Отан қорғаушыларымызға парыздарын жақсы атқарып, үйлерінде күтіп отырған аналарына аман-есен жетуге тілектеспіз», - деді «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысының орынбасары Данияр Айтышев.

Соңғы жаңалықтар