Павлодарлық жасотандықтар күшті аязға қарамастан шаңғы тебуге шықты

ПАВЛОДАР. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарлық жасотандықтар «Жасыл тоғай» шаңғы базасында ҚР Тәуелсіздік күніне арнап шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырды,
None
None

деп хабарланды «Жас Отан» ЖҚ-ның филиалынан.

Аяздың күшті болғанына қарамастан, кеше 100-ге тарта жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, «Павлодар мұнайхимия зауытының» жастары шаңғы тебуге шықты.

«Жастар қанатының Павлодар филиалы «Жастар-Отанға!» стратегиясын іске асырады. Спорттың жаппай түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырады, оған оқушыларды, жұмысшыларды және ауыл жастарын тартады. Шаңғы жарысы - бірінші қадам, әрі қарай біз хоккейден, шағын футболдан және спорттың басқа да түрлері бойынша матчтар өткізетін боламыз», деді жасотандықтардың көшбасшысы Сапар Шалабаев.

Жасотандықтарға аталмыш жарысты ұйымдастыруға қалалық туризим және спорт бөлімі қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар