Павлодарлық жасотандықтар партияның мерейтойын атап өтті

ПАВЛОДАР. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жасотандықтар «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 10 жылдығын атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы жылдардың ішінде аймақта партия мүшелерінің қатары 50 мың жақтаушымен толықты, «Жас Отан» сияқты жастар қанатына ие болды. Партия белсенділері Павлодарда жиі экологиялық сенбіліктер ұйымдастырып отырады, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізіп, партияның бағдарламалық міндеттерін түсіндіреді, облыс жастарының өзекті мәселелерін талқылайды. Жастар сондай-ақ, салауатты өмір салты үшін де күресуде, олар нашақорлыққа және темекі шегуге қарсы шараларды жиі ұйымдастырады. «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Нұркина жас белсенділердің бір тобына алғыс хаттар табыс етті. Мерейтойлық шара көркемөнерпаз әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Соңғы жаңалықтар