10:30, 21 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарлық жасотандықтарға мәскеулік жас гвардияшылар қонаққа келеді
ПАВЛОДАР. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жасотандықтар бүгін Мәскеуден келетін қонақтарды қарсы алады.

Павлодарға ресейлік «Жас гвардия» ұйымының делегациясы келеді.
Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Александр саябағындағы Белгісіз солдат мемориалынан Мәңгілік алаудың бір бөлігін әкелу үшін павлодарлық жастар Мәскеуге барған болатын.
«Мәскеулік достармен бірге біз маусымның 22-сі, соғыстың басталған күні Жеңіс саябағында шеру ұйымдастырамыз. Кейін Достастық үйіндегі дөңгелек үстелге жиналып, одан арғы ынтымақтастық жоспарын талқылаймыз»,- деп хабарлады «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Рахымжанов.