Павлодарлық жастар игі іс бастады

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының жастары биыл «Қамқорлық» акциясы аясында егде және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсету үшін бірікті. Жастарға қызмет көрсету орталығының мәлімдеуінше, акция қазанның 10-ы мен 30-ы аралығында өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шара барысында баспасөз мәжілісін өткізу, жалғызбасты зейнеткерлерге тұрғын үй-тұрмыстық көмек көрсету жөніндегі еріктілер рейдтерін жүргізу және «Альрами» клуб үйінің және облыстық интернаттардың өкілдерімен достық кездесу өткізу жоспарлануда.

Акция барысында оқушылар, студенттер, жас жұмысшылар және ауылдық жастар 300-ден астам қарттың үйіне барып қайтпақ.

Шараның қорытындысы бойынша «Қамқорлық - игі істердің альбомы» атты фотожинақ дайындалады.

Соңғы жаңалықтар