Павлодарлық жастар ұйымдары көшеде «Нәзік жандылар үшін» акциясын өткізді

ПАВЛОДАР. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Жүзден астам павлодарлық әйел бейтаныс жандардан - «Нәзік жандылар үшін» акциясының қатысушыларынан жылы лебіздер естіп, көктем гүлі бәйшешекті сыйға алды.
None
None

Шараны Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қалалық жастар ұйымдарының қатысушылары өткізді.

«Сіздерді шын жүректен көктемнің әрі сұлулықтың мерекесі - 8 наурызбен құттықтай отырып, нәзіктік пен жылулық тілейміз», - дейді олар.

Акцияны ұйымдастырушы - «Жастар бастамасын дамыту орталығы».

Соңғы жаңалықтар