07:35, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарлық журналистердің «Ұлтаралық және конфесссияаралық келісім» атты конкурсы аяқталды
ПАВЛОДАР. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жыл басында Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған конкурс аяқталып, қорытындылары шығарылды.

«Оның тақырыбы қоғамдағы ұлтаралық және конфесссияаралық келісім, жазатын және бейнекамераға түсіретін тілшілерге тиянақтылық, әдепті болу талаптары қойылған. Байқауға жіберілген жұмыстарды облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы Мұхит Омаров бастаған Ассамблея жанындағы журналистер клубының мүшелері бағалады», - деді ҚХА үйлестірушісі Юлия Стрельчук.
Ең үздік авторлық шығарма ретінде «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі Александр Вервекин, «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Шодар Нұржайна және апталық «Версия» газетінің журналисі Тамара Әбубәкірованың еңбектері аталды.