08:26, 04 Сәуір 2012 | GMT +5
Павлодарлықтар 500 қарудан өз еркімен бас тартты
ПАВЛОДАР. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тұрғындардан заңсыз сақталып отырған қарулар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу шарасы аяқталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Аймақ тұрғындарынан бір ай ішінде 483 қару қабылданды. 86 иір ойықты, 395 тегіс оқпанды мылтықтар мен екі травматикалық тапанша тапсырылды», - деп хабарлады полиция подполковнигі Серік Әкішев. Павлодарлықтар тегіс оқпанды қаруға арналған 26,8 мың дана оқ-дәрілерден де құтылған.
Бұл қарулар үшін жалпы көлемі 21 млн. теңге бөлінді. Әрбір қару үшін оның түріне байланысты 10-нан 100 АЕК-ке дейін төленеді.
Тіркелмеген қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.