15:48, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Павлодарлықтар Астана күні мерекесін тойлауда
ПАВЛОДАР. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодардың әсем безендірілген орталық алаңында «Ақ тілекпен, Астана!» атты үлкен қойылым ұйымдастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған Павлодардың демалыс орталығы көркемөнерпаздар ұжымының үздік әртістері мен балалардың көкемөнерпаздар ұжымы қатысты. Мерекеге Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағындықов та атсалысты.
Орталық жағалауда стритбол, жағажайдағы шағын футбол және қазақша күрестен спортшылыр өзара сайысқа түсті. Ал бүлдіршіндер Астана мен оның символы - Бәйтерекке арнап асфальтқа суреттер салды.
Түстен кейін Достық үйінің алаңында Павлодар ұлттық мәдени орталықтар мен қайта өрлеу мектебінің жас әртістері концерт қояды.
Кешке орталық алаңда фестиваль лауреаттарының, үздік вокалдық топтар мен орындаушылардың қатысуымен Астана күніне арналған «Әнім сенсің - Астана» атты гала-концерт болады.