08:27, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарлықтар депутаттардың жұмысына баға береді
ПАВЛОДАР. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Павлодар аймақтық басқару мектебі» қоғамдық қоры облыс орталығы тұрғындарының арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодарлықтарға қалалық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы сегіз сауалға жауап беру ұсынылып отыр. Анкетаны жасаушылар халық қалаулыларының өткен 1,5 жылдағы жұмыстарын 1 мен 5 балдың аралығында бағалауды және «Егер сайлау бүгін өтсе, қазіргі депутаттарға дауыс берер ме едіңіз?» деген сияқты сауалдарға жауап беруді ұсынып отыр. Сауалнама нәтижесі сайлаушылардың мәслихат депутаттарының жұмыстарына беретін бағаларын көрсетеді.