Павлодарлықтар қаланың 295 жылдығын атап өтті (ФОТО)
Мерекелік шарада ардагерлерге құрмет көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ, спорттық шаралар мен түрлі көрмелер ашылды.
Павлодар қаласының әкімі Болат Бакауов қала тұрғындары мен қонақтарын арнайы құттықтады. «Бұл - қаланы өз еңбегімен тұрғызғандардың, сондай-ақ әлі алда осы қала үшін аянбай тер төгетіндердің мерекесі», - деді ол құттықтау сөзінде. Дәстүр бойынша, қала күнінде қаланың құрметті азаматы атағы берілді. Бұл жолы мәртебелі атақты бес адам алды. Олар: журналист Мұхит Омаров, спорт қайраткері Карлен Григорян, ардагер құрылысшы Никалай Ермаков, ақын Арман Қани және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Скворцова. Бұл күні түрлі мерекелік шаралармен қатар, жеміс-жидек, көкөніс жәрмеңкесі де өтті. Сондай-ақ, суретшілер Павлодарға арнап арнайы көрме ұйымдастырды. Онда балалар қала бейнесіндегі мозайканы құрастырды. Алаңда облыс орталығы кәсіпорындарының тауарлары көрсетілді. Қазір қалада би кеші өтуде.