Павлодарлықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде

ПАВЛОДАР. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Қазақстан халқының бірлігі күні этно-мәдени бірлестіктердің шеруімен басталды.
None
None

Орталық алаңда қазақ, украин, неміс, орыс, грек және басқа да ұлттардың әуендері орындалып, билері биленді - облыс орталығында өз тарихи отандарының мәдениеттерін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтап отырған 19 этнобірлестік жұмыс істейді.

Этнобірлестіктердің концерттік бағдарламасын Павлодардың үздік орындаушылары мен өнер ұжымдары жалғастырды. Ал Ертіс жағалауында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бүгін сондай-ақ, қалалық саябақ жазғы маусымды ашты.

Павлодардағы мереке кешке жастардың би кешімен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум