Павлодарлықтар үшін дәрі-дәрмектер жеңілдікпен сатылуда

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың еңбекпен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып,
None
None
«Ромат» және «Аманат» фармакологиялық компанияларымен дәрі-дәрмектерді дәріханаларға 10 пайыздық жеңілдікпен жеткізу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті өкімет сондай-ақ қаладағы 36 дәріханамен зейнеткерлер мен мүгедектерге дәрі-дәрмектерді 5-15 пайыздық жеңілдіктермен сату туралы келісім жасады.
Соңғы жаңалықтар