08:53, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодарлықтар - «Жастар - Астанаға» акциясын ұйымдастырды
ПАВЛОДАР. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар жастары ресупбликалық «Жастар - Астанаға» атты жастар акциясына белсене қатысты,

деп хабарлайды қаланың ішкі саясат бөлімі.
Жалпы көлемі 2х3 шаршы метр болатын облыс контуры бейнеленген құттықтау қағазда жастар ұйымының көшбасшылары әсем елорда мен оның тұрғындарына жүрекжарды құттықтаулары мен жылы тілектерін жазды.
Осындай құттықтау парақтары Астанаға елдің барлық аймақтарынан келіп жатыр. Одан Қазақстанның бірыңғай картасы жасалып, ол жас астананың орталық алаңдарының бірінде орнатылатын болады.