Павлодарлықтар Жеңіс күнін салтанатты шерумен, концерттермен және отшашумен атап өтеді

ПАВЛОДАР. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шара Павлодарда «9 мамыр - Бірлік пен батырлықтың мерекесі!» атты еске алу және аза тұру митингімен басталады.
None
None

Орталық алаңда салтанатты шеру және әскери парад болады. Ал қаланың бас сахнасында «Жеңіс музыкасы» театрландырылған қойылымы мен концерттік бағдарламасы өтеді.

Сондай-ақ, ардагерлер скверіндегі ашық сахнада Қазақтың Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы студенттерінің орындауында соғыс жылдарының танымал әндері орындалады, Ресейдің халық әртісі Екатерина Шаврина өнер көрсетеді.

Жеңіс күнін тойлау мерекелік отшашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум