07:55, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодарлықтардың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалуы әкімдік бақылауында
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Жыл басында Павлодар әкімі Бақытжан Жоламановтың халықпен өткізген есеп беру кездесулерінде қала тұрғындарының 53 ұсынысы бақылауға алынған болатын,
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда 43 ұсыныс жүзеге асырылып отыр. Қала шетіндегі Кенжекөл ауылы мен Ленинский кентінің жолдары жөндеуден өтті. Қаладағы Бектұров, Урицков, Крупский және басқа да көшелердің асфальттары жаңартылып, №14 мектеп маңындағы жаяу жүргінші жолы қалпына келтірілді, 19 үйдің ауласы абаттандырылды.
Халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жоспар қала әкімінің сайтында жарияланып, қала басшылығының кеңестерінде ылғи талғыға түсіп отырады.