Павлодарлықтарға краннан аққан суды ішуге рұқсат берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда экологтар ұсынған суға сынама жүргізген облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары тұрғындарға краннан аққан суды ішуге рұқсат берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы агенттікке тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ирина Сорокина мәлім етті.
- 28-мамырдан бастап, судың сапасына күн сайын мониторинг жүргізілді. Бұл ретте, су құбырына түсетін су туралы айтқым келеді. Оңтүстік су құбыры бойынша екі күннің ішінде темір концентрациясының судың текше дециметріне 0,38-0,43 миллиграммға артқаны байқалды. Шекті концентрация деңгейі бір текше дециметрге 0,3 миллиграммнан келеді. Бұл көрсеткіш мардымсыз ғана. Тазалау жұмыстарынан кейін су шекті концентрация деңгейіне сәйкес келді, - деді Ирина Сорокина.
Маманның айтуынша, судың сапасын «Павлодар-Водоконал» өндірістік зертханасы да бақылайды. Тазалық жұмыстарынан кейін су пайдалануға жарайды.
Айта кетерлігі, павлодарлықтар әдетте, суды қайнатады және тұндырады. Сондықтан, осыдан кейін тіршілік көзінен ешбір қауіп төнбейтін болды.

Соңғы жаңалықтар