«Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ға 3 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішінара тексеру барысында «Павлодарские тепловые сети» ЖШС заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып, тұтынушыларға техникалық шарттар бергені анықталды, деп хабарланды ТМРжБҚК сайтында.
None
None

2016 жылғы 23 мамыр - 29 маусым аралығындағы кезеңде Қазақстан  Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитенінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау мәніне 2015 жылғы кезең бойынша «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ның қызметіне ішінара тексеру жүргізді.

Тексеру барысында «Павлодарские тепловые сети» ЖШС заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып, тұтынушыларға техникалық шарттар бергені анықталды.

Ұсынылған материалдардан тексерілген кезеңде 750 техникалық шарт берілгені белгілі болды, оның 94-нің мерзімдері бұзылған. 

Осыған байланысты, тексеру нәтижелері бойынша Департамент «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ға қатысты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Көрсетілген бапта 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл  түріндегі санкция қарастырылған, ол 3 393 600 теңгені құрайды.  

Соңғы жаңалықтар