Пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 6 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Мемлекет басшысының тапсыруымен ауыл шаруашылығы қорындағы жерлерді түгендеу бойынша 2011 жылдан бері 4 млн. гектар жер зерттелді, деп хабарлады жер қатынастары басқармасынан.
None
None

Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған, алайда қолданыстан тыс қалған 687 мың гектар жер анықталды. Солардың 422 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тағы 135 мың гектар жер мемлекет меншігіне басқа қолданушыларға беру үшін тапсырылды.

Жерді орынды пайдалану мәселелері үнемі облыс басшылығының бақылауында.

Соңғы жаңалықтар