Пайдалы қазбалар саласына инвестициялық ахуалды жақсартатын құжат қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы мен ілеспе заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жобада қатты пайдалы қазбалар қорлары мен көмірсутек шикізат қорлары бойынша есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттар жүйесін енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру көзделген. Сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазбалар үшін келісімшарт жасасудың оңтайландырылған тәсілі енгізілді. Бұл құжат салалық қауымдастықтың және бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленді. Кодекс жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге және инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған», - деп атап өтті Сенаттың жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Белгілі болғандай, бүгінде 104 елдің ішінде Қазақстан геология саласын мемлекеттік реттеу бойынша тек 74-ші орында тұр. Ал жер қойнауының геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында.

«Бұл реформа әлемде болып жатқан дағдарыс пен оның салдарынан инвестор тартуға байланысты бәсекелестіктің артуынан туындап отыр. Ұзақ мерзімді шикізат тасымалының тұрақтылығы, жүргізілетін саясат пен саладағы ашықтық және рәсімдердің жеңілдігі бүгінгі күннің басты талабы. Бұл Кодекс жобасын әзірлеу барысында австралиялық заң моделін үлгі ретінде алдық. Бұндай шешім бір жарым жылдық зерттеу жұмыстары мен Дүниежүзілік банк ұсынысының нәтижесінде қабылданды», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кетейік, әлем бойынша Австралияның тәжірибесі үздік деп саналады. Бұл - инвесторлардың да берген бағасы.

Оның сөзіне қарағанда, «McKinsey & Company» консалтингтік компаниясы есебіне және басқа да халықаралық кеңесшілер тұжырымына қарағанда, жаппай геологиялық барлау тетігі іске қосылған жағдайда, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кем дегенде 15 кен орнын, сондай-ақ жаңа тау-кен рудасы аймақтарын ашу болжанып отыр.

 «Ең бастысы, Қазақстанның геологиялық барлауда ауқымды, сапалы әрі тыңғылықты зерттелуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, Қазақстанда 1 шаршы шақырым есебінен барлауға 7 АҚШ доллары жұмсалады, Австралияда - 167 доллар, АҚШ-та - 87, Канадада - 203 доллар қаржы бағытталады. Яғни бүгінде геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар елдің қорын толтыруды қамтамасыз етпейді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар