Пайлық инвестициялық қор нарығының даму әлеуеті өте зор
"Қазақстан қор биржасындағы өзге басқарушы компанияларға қарағанда "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ-ы пайлық инвестициялық қор (ПИҚ) бағытындағы жұмысын сақтап қалды. Біз оны дамытып жатырмыз. 2010 жылы нарықта ПИҚ активтері 12 пайызға жуық азайды. Ал біз оны 9 пайызға ұлғайта алдық" -дейді "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ-ның Инвестициялық басқару департаментінің директоры Александр Манаенко.
Оның айтуынша, бұл санды депозит нарығымен халықтың екініш деңгейдегі банктердегі салымымен салыстыруға келмейді. Қазір ПИҚ нарығына 2 миллиардтай теңге салынған. Жеке тұлғалардың екініш деңгейдегі банктердегі депозиті 2,2 триллион теңгені құрайды. Сондықтан «RESMI» Инвестициялық қаржы үйі" АҚ-ның негізгі миссиясы Қазақстан азаматтарын, инвесторларды алғашқы инвестициялау құралындарына тәрбиелеу болып отыр. Олар қор нарығымен танысып, инвестициялаудың әліппесін білуі керек. Пайлық инвестициялық қор нарығының даму әлеуеті өте зор.