Педагогтік кардрларды даярлау мемлекеттік ЖОО-ларда ғана жүзеге асырылуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа формациядағы педагогтің әлеуметтік мәртебесін әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңесте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің ректоры Серік Пірәлиев мәлім етті.
Ректордың айтуынша, педагогтік кардрларды даярлау үздік нұсқада жаңғыртылған мемлекеттік жоғары оқу орындарында ғана жүзеге асырылуы тиіс.
«Ұстаздық кадрлардың сапасын қамтамасыз ету үшін базалық педагогикалық білім болмаса, педагогика мамандығы бойынша екінші жоғары білім бағдарламасына қабылдаудан бас тарту керек»,-деді Серік Пірәлиев.
Айта кетейік, отырысқа ҚР Білім және ғылым министрі, Кембридж университетінің халықаралық сарапшылары, сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері қатысты.