Педофил Жезқазған паркінде 10 жасар қызға шабуыл жасады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау әрекетінде күдікті шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз-қызметі хабарлады.

«19 қыркүйек күні 102 телефонына 38 жастағы қала тұрғынынан белгісіз біреудің 10 жасар қызға жыныстық шабуыл жасауға тырысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын 23 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды», - деді облыстық ІІД баспасөз-қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 24-121 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар