Педофилдерге түрмеден шыққанға дейін кастрация жасалмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізілмек.

педофил
Фото: pixabay.com

Онда педофилдерге түрмеден шығармай тұрып химиялық кастрация жасау көзделген.

— Мекеме әкімшілігі химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану және материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа жіберу туралы түзету енгізеді, — делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Құжат 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Айта кетейік, еліміздің Ішкі істер министрлігі педофилдерді өмір бойы бақылауға алмақшы.

Соңғы жаңалықтар