Пеле барлық марапаттарын аукционға шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты бразилиялық футболшы Пеле 60 жыл спорттағы қол жеткізген марапаттарының коллекциясын аукционға шығарды. Үш күндік аукцион Лондонда сейсенбі күні ашылады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Сарапшылар айтқандай, аукцион спорттық құндылықтарды сату бойынша тарихтағы ең ірі аукцион болмақ. Саудаға барлығы екі мыңнан астам жәдігер қойылды. Оларды сатудан 7,2 млн доллар түседі деп күтілуде.

Футболшы өзінің марапаттары мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақталғанын қалайтынын айтқан. Ол түскен пайданың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізді.

Пеле ФИФА футбол комиссиясының нұсқасы бойынша - XX ғасырдың үздік футболшысы және Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқасы бойынша - XX ғасырдың үздік спортшысы деп танылған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram