Пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Оңтүстік Қазақстанда жалған құжат жасаумен айналысушылар ұсталды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Оңтүстік Қазақстанда жалған құжат жасаумен айналысушылар ұсталды,
None
None

деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аймақтық департаментінен.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Садығали Керімбековтың айтуынша, түрмеде отырған азаматтардың біріне Т., деген азаматша келген, әлгі әйел сақшыларға өзін сотталушының зайыбымын деп таныстырған және неке туралы куәлігін көрсеткен.

Бірақ та әлгі мемлекеттік бланк мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызған: біріншіден, куәліктегі мөр анық түспеген, екіншіден, АХАЖ қызметкерінің қолтаңбасы бұлыңғырлау болып түскен.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің қызметкерлері сол күні-ақ әлгі неке туралы куәліктің түрлі-түсті принтердің көмегімен қолдан жасалғанын анықтады және оқиғаның ізін суытпай жалған құжаттың «авторын» ұстады.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 325- бабы бойынша (жалған құжаттар дайындау немесе өткізу) қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл бап бойынша 2 жылға дейін жаза қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар