Пентагон Иракта танкер ұшағын жоғалтқанын хабарлады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қарсы әскери операция кезінде KC-135 танкер ұшағы жоғалғанын хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
— Орталық қолбасшылық KC-135 танкер ұшағы жоғалғаны туралы хабардар. Оқиға «Эпикалық қаһар» операциясы кезінде достық әуе кеңістігінде орын алды, қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға екі ұшақ қатысты. Біреуі Ирактың батысында құлаған, екіншісі аман-есен қонды. Оқиғаның жауға да, достық атысқа да қатысы жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Иран Парсы шығанағындағы АҚШ мұнай танкеріне шабуыл жасады. Мұнай кемесіне қатысты оқиға Парсы шығанағының солтүстігінде Иран, Израиль және АҚШ арасындағы шиеленіс жалғасып жатқан кезде болды.
Сондай-ақ Иран Парсы шығанағында екі танкерді ұстап алды. Тегеранның нұсқасы бойынша бұл кемелер «бір миллион литрден астам контрабандалық отын» тасымалдаған.