Пентагон құпия ақпараттың тарағанын жоққа шығарды
АСТАНА. KAZINFORM – Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл The New York Times ақпарат көздерінің Пит Хегсеттің Signal топтық чатына құпия ақпаратты жібергені туралы мәліметтерін жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazinform.

- Фейк хабарлар таратып жүрген The New York Times пен өзге де БАҚ бүгінгі жағдайға көңілі толмайтын бұрынғы қызметкерлердің шағымдарын өздерінің мақалаларына жалғыз ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Осы аптада көптеген қызметші жұмысынан босатылды. Осыған қарай олар министрліктің жұмысына наразы және оны мүмкіндігінше жоққа шығаруға тырысатыны түсінікті. БАҚ болса солардың ой-пікірлерін пайдаланып ақпарат таратады,- деп жазды Шон Парнелл Х әлеуметтік делісінде.
Оның айтуынша, Signal чаттарының ешқайсысында құпия ақпарат болған жоқ.
Бұған дейін New York Times төрт адамға сілтеме жасай отырып, АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің жұбайы мен ағалары кіретін Signal шифрланған топтық чатына Йемендегі соққылар туралы құпия ақпаратты жібергенін хабарлады.