Пентагон ЖИ дамытуға 200 миллион доллар бөлді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Қорғаныс министрлігі Anthropic, Google, OpenAI және xAI компанияларының жасанды интеллектті (ЖИ) дамытуына 200 миллион доллардың келісімшартын ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News.

Пентагон выделил 200 млн долларов на разработку ИИ
Фото: britannica.com

Қорғаныс департаментінің бас цифрлық және жасанды интеллект басқармасы қаржыландыру «ұлттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін шешу үшін кеңейтілген ЖИ мүмкіндіктерін» енгізуді жеделдетуге көмектесетінін айтты.

Бұған дейін OpenAI 2024 жылы елдің Қорғаныс министрлігінен 200 миллион долларға бір жылдық келісімшарт алды, ол «ұлттық қауіпсіздік миссиялары» үшін озық ЖИ жүйесін орналастыруға бағытталған.

Маусым айында компания Америка Құрама Штаттарындағы федералды, штаттық және жергілікті басқару органдарының қызметкерлері үшін «Үкіметтік OpenAI» бағдарламасын іске қосты.

Илон Масктың xAI компаниясы дүйсенбіде АҚШ үкіметінің клиенттері үшін қол етімді өнімдер жиынтығын жариялады.

Бұған дейін Илон Маск Трампты Эпштейнге қатысты құжаттарды жариялауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар