Пентагонға әскери бюджетті қысқарту туралы бұйрық берілді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагон мен армияның жоғары лауазымды шенеуніктеріне бюджетті қысқарту жоспарын әзірлеуді бұйырды, деп хабарлайды ВВС

пентагон
Фото: CC BY 2.0 / gregwest98 /

Бұл туралы ресми тұлғаларға сілтеме жасап Washington Post газеті жазды. 

Тілшілер танысқан құжатқа сәйкес, жоспар алдағы бес жылда қорғаныс бюджетін жыл сайын 8 пайызға қысқартуды көздеп отыр.

Жоспар 24 ақпанға дейін дайын болуы керек. Пентагон басшысының меморандумында Трамп әкімшілігі жойғысы келетін 17 санат көрсетілген. 

— Олардың арасында АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы операциялар, ядролық қару мен зымыранға қарсы қорғанысты жаңғырту, сондай-ақ сүңгуір қайықтар, шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтар және басқа да оқ-дәрілерді сатып алу бар, — деп жазды WP.

Пентагонның 2025 жылға арналған бюджеті шамамен 850 млрд долларды құрайды, деп еске салады басылым.

Осыған дейін Трамп Маскқа Пентагонның шығындарын тексеруді бұйырғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар