Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

Перизат Қайрат
Фото: Instagram/01pk

Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады. 

Айта кетелік Перизат Қайрат ісіне қатысты танысу аяқталды, іс прокуратураға жолданған еді

Соңғы жаңалықтар