Перизат Сәдуақас Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перизат Құрманқызы Сәдуақас Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімімен және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен 2022 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: gov.kz

Перизат Құрманқызы Сәдуақас 1981 жылы 4 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу елді-мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары.

2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін Қазақстан тарихы мамандығы бойынша және 2006 жылы аталған университетті юриспруденция мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Перизат Құрманқызы әр жылдары білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында, Қарағанды облысының әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі, Президент Әкімшілігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Ұлытау облысы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.


Соңғы жаңалықтар